Accessibility links

2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі шабуылға атсалысқан адам – не өлімге кесіледі, не...


АЛЕКСАНДРИЯ. АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Александрия қаласында кеше басталған сот процесінде прокурор Әл-Қаида ұйымын қолдайтын Закариас Муссауиді өлім жазасына кесуді талап етті. Прокурордың мәлімдеуінше, Муссауи - 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегінде шабуыл ұйымдастырылатынын білген, бірақ сол жылы миграция заңы бойынша ұсталғанда оны АҚШ үкіметіне хабарламай, 3 мыңдай адамның қазасына кінәлі болды. Оның сот тағайындаған адвокаты Муссауидің - Әл-Қаиданың өзге мүшелерімен байланысы болмай, 11-інші қыркүйек шабуылына қатысы болмағанын уәж етті. Енді сот алқасы оны не ғұмыр соңына дейін түрмеге жабу, не өлім жазасына кесу туралы шешім шығаруға тиіс. Тегі мароккоалық францұз азаматы З.Муссауи – 1 жылдай бұрын Әлд-Қаиданың жолаушы ұшақтарын ұрлауын ұйымдастырғанын мойындаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG