Accessibility links

Украина – Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдануға айтарлықтай жақындады


ВАШИНГТОН. Кеше Украинаның экономика министрі Арсений Яценюк пен АҚШ-тың сауда министрі Роб Портман екі елдің өзара сауда қатынасына қатысты келісімге қол қойып, Украинаның Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдануын жақындатты. Осы келісім күшіне кіруі үшін Р.Портман АҚШ заң шығарушыларын “Қырғиқабақ соғыс” жылдарында қабылданған Джексон-Веник заңын дереу жоюға шақырды. Америкамен арадағы сауда қатынасын эмиграциясмен және коммунстік дәуірдегі адам құқықтарымен тығыз байланыстырған Джексон-Веник заңы – АҚШ-тың Украинамен және Ресеймен арадағы сауда қатынасына тосқауыл болып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG