Accessibility links

Англия Ирақтағы 8 мыңдық әскерін 2008-інші жылдың жазына дейін толық шығарады


БАҒДАД. Ирақтағы АҚШ әскерінің қолбасшысы генерал Джордж Кэйси Америкада жаттығып жатқан жаңа Ирақ армиясының жоғары шенді офицерінің қазасына байланысты оның туыстары мен руластарына көңіл айтты. Кеше Бағдад қаласында күзетімен келе жатқан генерал Мубдар Хатим Әд-Дулайми мергеннің оғынан қаза болды. Ол – Бағдадтағы Ирақ армиясының бөліміне басшылық етіп келді. Генерал Кэйсидің айтуынша, оның қазасы Бағдадтың қауіпсіздігін қорғауға және Ирақ үкіметін жасақтауға бөгет бола алмайды. Ал ағылшындардың “Дэйли телеграф” газетіне берген сұхбатында Ирақтағы британ әскерінің қолбасшысы Ник Хотон Лондонның барлық 8 мыңдық күшін 2008-інші жылдың жазына қарай Ирақтан саты-сатылап шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG