Accessibility links

МАГАТЭ жиының күн тәртібінде-Иран мәселесі


Вена. Бүгін БҰҰ-ның құрамында 35 елі бар халықаралық Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің отырысы Венада ашылды. Онда Иранның ядролық қару өндіру жұмысын тоқтатудан бас тартып отырғаны қаралды. Бұл жиынға дейін Иранның ядролық қару бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің өкілі Али Ларижани жексенбі күні, егер МАГАТЭ санкциялар салуды қарастыру үшін Иран мәселесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне беретін болса, Иран уран байытуды кең көлемде жалғастыратын болады деген. БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Джон Болтон, егер Иран уран байытуды табанды түрде жалғастыра беретін болса, оның салдары айтарлықтай ауыр болады дей келе, Құрама Штаттар Иранның ядролық жобасының жүзеге асуын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деді. Бірақ ол сондай-ақ, оған балама жолды да ұсынды:

“Егер Иран Ливияның бағытымен жүріп, террорды демеп, өз халқын қауіпсіз жағдайда емес қысым астында ұстайтын, жаппай қырып жою қаруын жасау жөнінде стратегиялық шешімге келсе, сыртқы әлеммен байланысы драмалық тұрғыда дамиды”, - деген.

Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмединежад МАГАТЭ-нің Иранның ядролық бағдарламасын жүргізуге құқы бар екенін қабылдасын деп айтқан.
XS
SM
MD
LG