Accessibility links

Бағдадта өлтірілген 23 ер азамат мен ұл балалардың мүрделері табылды


Бүгін Бағдадтың түрлі аудандарында өліммен жазаланған 23 ер азамат мен ұл балалардың мәйіттері табылды. Оларды кім және не үшін өлтіргені түсініксіз. Қараусыз қалдырылған микроавтобустың ішінен 18 ер азамат пен ұл балалардың өлі денелері табылды. Құрбандардың көздері танылып, қолдары байланған екен, олар тұншықтырылып не болмаса атып өлтірілген. Бағдадта, сол сияқты, ішкі істер министріне қарасты мәшинелердің жолында бомба жарылды. Бір адам қаза тапты. Министр Баян Жабордың өзі мәшинеде болмаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG