Accessibility links

Еуропа Одағы мен АҚШ Иранға қысымдарын күшейтіп жатыр


Еуропа Одағы мен Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық ұмтылысын шектеу мақсатында қысымдарын күшейтіп жатыр. Халықаралық Атом энергетика агенттігі Иран ядролық мәселесін бүгін үшінші күн қатарынан талқылады. Агенттік директоры Мұхамед Ель-Барадей жариялаған баяндамада Иран халықаралық қауымдастықтың үндеулеріне құлақ аспай қойды, уран байтуды тоқтатпады деп айтылды. Еуропа Одағы Иран барлық ядролық зерттеу жұмысын тоқтатсын, әйтпеген жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шараларына тап болады деп мәлімдеді бүгін. АҚШ өкілі Халықаралық Атом энергетика агенттігінің бүгінгі мәжілісінде Иран ядролық зерттеу жұмысын тоқтатпаса мұның салдары қиын болады деді.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG