Accessibility links

Түркіменстан шекарашылары үш өзбек азаматын атты


Өзбекстан ресми орындары хабарлағандай, Түркіменстан шекарашылары үш өзбек азаматын атты. Олардың біреуі, 19-жасар Ниғматолла Жұманиязов өліп кетті. Олар түркімен жеріне өтпек болған. Оқиға 6 наурыз күні орын алған екен, бұл туралы бүгін ғана жарияланды. Өзін Бекзат деп атаған Хорезм облысы әкімшілігінің өкілі бұл түсініксіздіктен туған оқиға болса керек, Ниғматолла шекарадан өтіп, бензин сатып алмақшы болған көрінеді деді. Қалған екі азамат қамауға алынған соң біршама уақыттан кейін босатылып, Өзбекстанға оралды. Шекарада тұратын өзбектер жалпы түркімен жеріне өтіп, арзанырақ бензин әкелуді кәсіптеріне айналдырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG