Accessibility links

Қырғызстан революциясының күні мемлекеттік мереке деп жарияланды


Қырғызстан демократиялық революциясының күні 24 наурыз мемлекеттік мереке деп жарияланды. Былтыр осы күні халық толқуы шарықтаған шегіне жетіп, бұрынғы президент Асқар Ақаевтың үкіметі құлаған болатын. Бишкекте 24 наурызда әскери парад, ірі елді мекендерде түрлі мерекелік шаралар өткізілмек. Ел президенті Құрманбек Бақиев былтыр 24-25 наурыз күндері орын алған тоннаушылық салдарынан заттай зардап шеккен азаматтарға қаржылай өтемақы беру мүмкіншілігі қарастырылсын деп бұйырды. Қырғызстан парламенті 24 наурыз мерекесі жайында заң қабылдамақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG