Accessibility links

БҰҰ-ның Халықаралық атом қуаты агенттігі - МАГАТЭ Австрия астанасындағы 3 күндік жиынын аяқтады


Агенттік жетекшісі Ел Барадейдің айтуынша, енді Иран жөніндегі деректі құжаттар Қауіпсіздік кеңесіне тапсырылады. Сондай-ақ, Ел Барадей тараптарды өзара мәмілеге шақырып, былай деді:

- Мен ертелі ме, кеш пе, барлық елдер ядролық мәселені келіссөздер арқылы шешуі керек екендігін түсінеді деп сенемін. Иран бұл орайда шындық, ақиқаттың мөлдір болуы қажет екендігіне көзі жетеді. Егер Иран халықаралық қауымдастықтың сенімінен шығамын десе, онда бірер жолын табуы қажет.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG