Accessibility links

Непал маоистері патшалық билікті құлатып, коммунистік режим орнатуды көздейді


КАТМАНДУ. Непалдың патшалық армиясы хабарлағандай, бүгін маоистердің партизандары елдің батысындағы бақылау-күзет бекетінде бомба жарып, 3 жауынгер қаза тапты. Непалдың астанасы – Катмандудан батысқа қарай 400 шақырым қашықтықта орналасқан елді-мекенде болған жарылыстан тағы 5 жауынгер мен полицей құрбан болды. Қаңтар айында бейбіт бітімнен шыққан маоистер Непалдың оңтүстік-батыс аудандарында үкімет армиясына қарсы шабуылдарын үдете түсті. Непалдың маоистері патшалық билікті құлатып, елде коммунистік республика орнатуды мақсат етеді. 10-даған жылға созылған осы жанжалдың салдарынан 13 мыңнан астам халық қырылды.
XS
SM
MD
LG