Accessibility links

БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Иранның “ядролық ісін” келесі аптада талқылайды


ТЕҺРАН. Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмади-Неджад өзінің ядролық бағдарламасына байланысты Теһран кез-келген саясаи қысымға тойтарыс береді деп мәлімдеді. Бұл пікірін ол атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі өзінің Иранның “ядролық ісі” бойынша баяндамасын БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне жіберуге келісуінен кейін білдіріп отыр. Иранның “ядролық ісі” бойынша МАГАТЭ-нің шешімін талқылау үшін Қауіпсіздік Кеңес алдағы аптада жиналуға тиіс. Бұл іс Қауіпсіздік Кеңесінің талқысына келіп түсуден бұрын оның тұрақты мүшелері болып табылатын АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Ұлы Британияның өкілдері осы жұма күні бас қоспақшы. Бүгін Ресейдің сыртқы істер минисрі С.Лавров Иранның ядролық бағдарламасынан төнген қауіп-қатерді бағалауға келгенде БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі ең басты рөл атқаруға тиіс еместігін атап көрсетті. Бүгін, сондай-ақ, Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі халықаралық қауымдастықты Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды онша ушықтыра бермеуге шақырды. Өз кезегінде ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мүддені көздейді деп дәлелдеп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG