Accessibility links

Еуроодақ өзбек оппозициясы мен адам құқын қорғаушылардың сотталуына қатты алаңдайды


БРЮССЕЛЬ. Бүгін Еуропа Одағы Өзбекстандағы оппозиция лидерлерінің 10 жылдық мерзімдерге сотталуына алаңдаушылық білдіретін мәлімдемесін жариялады. Оппозициялық “Күн сәулелі Өзбекстан” коалициясының 2 лидері Санжар Омаров пен Нодира Хидоятова – наурыздың 6-сы мен 1-і күндері “экономикалық қылмыстар істеді” деген айыптар бойынша ұзақ мерзімдерге кесілді. Сонымен қатар Еуропа Одағы адам құқын қорғайтын белсенді Мұхтабар Тәжібаеваның 8 жылға кесілуіне де алаңдап, оның ісін ұлттық және халықаралық бақылаушылардың қатысуымен әділ қарауды талап етті. Брюссель Ташкентті адам құқықтарын халықаралық стандартқа сай қамтамасыз етуге шақырды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG