Accessibility links

Ресей экологтары Байкал көлінің маңынан мұнай құбырын тартуға түбегейлі қарсы, бірақ....


МӘСКЕУ. Бүгін Ресейдің Жоғарғы Соты тұщы суы бар бүкіл әлемдегі ең үлкен көл – Байкалдың маңынан өтетін мұнай құбырын тартуға қарсы шағымды қанағаттандырмады. Бұл шағымды мұнай құбыры Байкалдың экологиясын бұзады деп санайтын экологиялық ұйымдар берген болатын. Жобаға сәйкес, мұнай құбыры Ресейдің Тынық мұхит жағалауына қарай тартылып, орыс мұнайының Қытайға, Жапонияға және Оңтүстік Кореяға экспортталуын ұлғайтуды көздейді. Мемлекет меншігіне қарайтын Транснефть компаниясының Кремльден қолдау тапқан бұл жобасын іске асыруға 11 млрд. доллар қаржы керек.
XS
SM
MD
LG