Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздк кеңесінде талқыланады


Бүгін АҚШ, Британия, Франция, Ресей және Қытайлық арнайы елшілер кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде ресми мәлімдеме әзірлеп, келесі аптада Қауіпсіздік кеңесіне тапсыруы керек. АҚШ өкілі Джон Болтонның айтуынша, БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Иранның ядролық талпыныстарына байланысты тиісті жауабын беруі керек. Олай болмаған жағдайда АҚШ өзге шараға баруы мүмкін екен. Сонымен, Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі мәселені талқылау одан әрі жалғасты.

Ресей, бұл мәселені түбегейлі қарау үшін, БҰҰ-ның атом агенттігіне тағы да қосымша уақыт беру керек дейді. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс, Иран Ирақтағы жағдайға араласып, Палестина мен Ливандағы террорлық әрекеттерді қолдап отыр дейді. Иран президенті Ахмединежат болса ядролық бағдарлама бойынша кез-келген сыртқы саяси қысымға Иран қарсы тұрады, деді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG