Accessibility links

Ирақ парламентінің алғашқы отырысы болатын күн бір аптаға шегерілді


Бағдад. Ирақ президенті Жалал Талабани жаңа парламенттің отырысын елдегі саяси дау-дамай мен қақтығыстар жалғасып отырғандықтан тағы бір апта кейінге қалдырды. Талабанидің мәлімдеуінше, Ирақ парламентінің алғашқы отырысы 19-шы наурызға белгіленді, бұл саяси партиялардың ассамблея спикерін қосқандағы негізгі қызметтер жөнінде бір мәмілеге келуіне көбірек уақыт береді. Ирақтан келіп түскен басқа хабарларда, АҚШ әскері тұтқындағы ирақтықтарды Абу Ғраиб түрмесіне апару жоспары туралы айтқан. Американ әскерилері өкілінің сөзіне қарағанда, Абу Ғраибтағы 4500 сотталған Ирақтағы басқа түрмеге ауыстырылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG