Accessibility links

Дариға Назарбаева Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен оппозиция бірігіп, президент отбасына қарсы жұмыс жасап жатыр деді


Алматы. Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева, бүгінгі мақаласында, елдегі оппозиция мен Ұлттық қауіпсіздік Комитеті бірігіп, өзінің отбасына қарсы жұмыс жасап жатыр деп мәлімдеген. Ол “Караван” газетіне шыққан мақаласында, “Біз бүгін өте таңданысты өзара біріккен жағдайды көріп тұрмыз. Іс жүзінде, олар қарама-қайшы бағытта жұмыс жасау керек еді”, деп айтқан. Назарбаеваның сөзіне қарағанда, оппозиция мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті бірігіп, президент отбасына қарсы ақпараттық соғыс ұйымдастырып, Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің өткен айдағы оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының өлтірілуіне қатысы бар деп отыр. Сәрсенбайұлын өзінің оққағары және жүргізушісімен Алматы маңында жендеттер атып кеткен болатын. Ол өлімге қатысы бар деп, Сенат аппаратының басшысы Ержан Өтембаев қамауға алынған. Дариға Назабаева сондай-ақ бұл мақаласында осы оқиғаға байланысты Сенат төрағасы Нұртай Әбіқаев орнынан кетуі керек деген.
XS
SM
MD
LG