Accessibility links

Иранның ядролық дағдарысы бойынша отырыс жабық есік жағдайында өтуде


БҰҰ. Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүше елдері- Британия, Қытай, Франция, Ресей және Құрама Штаттар Иранның ядролық дағдарысын талқылау үшін жабық есік жағдайында екінші кездесулерін өткізеді. БҰҰ-ындағы АҚШ елшісі Джон Болтон, Құрама Штаттар Кеңесті Иран мәселесіне қатысты “қатаң шешім” қабылдауға шақырады деген. Болтонның пікірінше, “Иранның ядролық қару жасау бағдарламасы бүкіл әлем мен ғаламдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұр. БҰҰ-ның жарлығы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мұндай қауіптің жүзеге асуына жол бермеу үшін дәл осындай мәселемен айналысуы керек”.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG