Accessibility links

Иранның ішкі істер министрі Мостафа Пормохаммед, егер БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы санкция енгізетін болса, әлемдік мұнай тасымалы бұзылады деген жабық қаупін білдірді


Техран. Иран ақпарат агенттігінің министрдің ол сөзіне сілтеме жасағанында, министр егер ядролық жағдай саясатқа айналатын болса, онда халықаралық қауымдастық Ираннан көбірек оның зардабын тартады деген. Оның атап көрсетуінше, Иранның энергетикалық ресурстары өте бай, және әлемдегі ең негізгі энергетикалық бағыттарды бақылауда ұстап отыр. Бүгін Германия сыртқы істер министрі Иран мәселесін дипломатикалық жолмен шешуге шақырып, Техранды БҰҰ-ымен ынтымақтастыққа үндеген. АҚШ Ресейдің Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы алдында келіссөздер жүргізуді ұсынғанын қабылдамады. Америка президенті Джордж Буш әлем елдерінің Иранның ядролық мәселесі турасында айтқандары бір жерден шығуы керек деген:

“Біз Иранның ядролық қару жасау мүмкіндіктеріне келгенде, ирандықтардың әлем елдерінің бір дауыспен қатты және анық айтқанын естігенін қалаймыз”.

Бүгін тағы да Нью-Йоркте Иран мәселесін Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесі талқылайтын болады.
XS
SM
MD
LG