Accessibility links

Бұрыңғы Югославия мен Сербияның бұрыңғы президенті Гаагадағы халықаралық трибунал абақтысында қайтыс болды

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

С.Милошевичтің неден қайтыс болғандығы Гаагадағы медициналық сот институтының сараптамасынан кейін анықталмақ. Оның жүрек талмасы және қан қысымы дертіне ұшырағандығы ертеректен мәлім болған. Слободан Милошевич осыдан 4 жыл бұрын соғыс және адамзатқа қарсы қылмыстары үшін 66 айыппен Халықаралық сотқа тапсырылған болатын.

С.Милошевичке 1990-95 жылдары Хорватияда, 1992-95 жылдары Босния-Герцеговина, сондай-ақ, 1998-99 жылдары Хорватиядағы соғыстарда адамзатқа қарсы геноцидтік әрекеттерді басқарған деген айып тағылып, сот үдерісі жүріп жатқан еді.

Сенбі күнгі алғашқы деректерге қарағанда, Милошевич жүрек дерті, қан басымынан қаза тапқан. Ол жөнінде трибунал өкілі Миланов «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы тілшісіне:

- С.Милошевичтің сенбі күні таңғы сағат 9-да қайтыс болғандығы анықталып, бірден Голландия ресмилеріне хабарланып, тергеу басталды, - деді.

Бірақ, Милошевичтің Сербия социалистік партиясының жетекші орынбасары Вуцелич Милошевич қасақана өлтірілген дей келе:

– Оны өлтірген адам оның қазасы жөнінде жариялап отыр. Милошевичтің Ресейге барып емделу жөніндегі өтінішін Гаага трибуналы аяқ асты етіп, оны өлтірді, - деген.

Бірақ, Балқан аймағандағы көпшілік, Милошевичтің әділ сот жазасын дер кезінде алып үлгірмегендігіне өкініш білдіріп отыр.

Хорватия президенті Месиц әкімшілігі бұл жөнінде мәлімдеме жасағаннан кейін, Сербия-Черногория сыртқы істер министрі Драскович, Милошевич басқаларды айтпағанда, менің өз өміріме де қастандық жасады, деді.

- Бірақ, оның көзі тірі кезінде Белградта әділ жазасын алмағандығы өкінішті-ақ, - деді министр.

Ал Босния мұсылмандарының жетекшісі Сүлеймен Тиич, Милошевич тиісті жазасын алу үшін әлі өмір сүре тұруы қажет еді деген.

С.Милошевичтің үстінен сот 2002 жылдың 12-ақпанында басталған еді. Бірақ оның нашар денсаулығына байланысты сот үдерісі жиі тоқтатылды.

Албания бас министрі Бериша, Милошевичтің ауыр қылмысы үшін жаратқан Алланың өзі оны жазалады, сол үшін көптеген халық оның өлімін есітіп, жеңілденіп қалды, деген.

Ал БҰҰ халықаралық сотының соғыс қылмыстары бойынша бас прокуроры Карла Дел Понте болса:

– Үш жылдық сот үдерісін біз осы жазда аяқтамақ ниетте едік. Бірақ, Милошевичтің қатыгездігінен қаза тапқан құрбандардың рухы алдында, аман қалғандардың, куәлардың оның әділ сот алдында бағасын, жазасын алуын көре алмағандығы өте өкінішіті, - деп ағынан жарылды.

Міне, енді БҰҰ трибуналының бақылауы астында Слободан Милошевичтің мәйіті медициналық сараптамадан өткізіліп, оның нәтижесі ресми түрде жария етіледі. Бірақ, оның отбасы трибуналға сенбейміз деп отыр. Милошевичтің адвокаты отбасымен кеңесе отырып, Милошевичтің сүйегін Мәскеуде тексеруді талап еткен.

Бірақ, Халықаралық трибуналдың шешімімен Милошевичтің мәйіті бүгін сербиялық дәрігердің қатысуымен, Гаагада арнайы сараптамадан өткізілгеннен соң, оның қайда жерленетіндігі жарияланбақ.

1997 жылы сол кездегі Сербияның елбасы Милошевич Приштинадан тұрып өз қандастары – сербтерге:

- Қорықпаңдар, біз Қособаны ешқашан қолдан шығармаймыз, - деп жар салғанымен, сол Қособалықтарға қоса, хорваттар, герцеговиналықтар ол кездегі қантөгісті күрестің арқасында Сербиядан өз тәуелсіздіктерін жариялап, Сл.Милошевичтің өзі адамзат алдындағы қылмысы үшін әділ сот алдында жауап беріп жатқан болатын.
XS
SM
MD
LG