Accessibility links

Ресейдің ядролық бағдарламаға байланысты ұсынысы күн тәртібінде тұрған жоқ, дейді ресми Техран


Себебі мәселе БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің қарауына тапсырылған. Бүгін Иран Сыртқы істер министрі Хамид Реза Асефи ендігі жерде осы кеңесте істің қалай дамитындығын ресми Техран бақылап, күтетін болады, деді. Уран өндіруді тоқтату жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің қандайда бір шешіміне байланысты Техранның шағым айтпайтындығын ол бірнеше рет қайталады. Иранға байланысты мәселені аталған кеңес осы апта ішінде қарамақшы.
XS
SM
MD
LG