Accessibility links

Сербиялық медицина сарапшылары Милошевичтің мәйітін жарып тексеру үдерісіне қатыспақшы


Голландиялық патолог дәрігерлер бұл істі Слободан Милошевичтің қазасынан бір күн кейін, яғни бүгін жүзеге асырмақшы. Сот ісі аяқталар қарсаңда болған бұл өлімнен кейін Босния сербтерінің бұрынғы басшысы Радован Караджич пен соғыс қолбасшысы Ратко Младичті тезірек ұстау мәселесі туындап отыр, деді трибунал бас прокуроры Карла Дел Понте. Марқұмды улаған, деген сөзді жоққа шығара келіп, дей тұрғанмен зерттеулер нәтижесін күткен дұрыс, деді ол. Югославияның бұрынғы елбасы Босния, Хорватия және Косовода жүзеге асырды деген соғыс қылмыстары мен геноцидтік әрекеттері үшін Гаагадағы халықаралық трибунал түрмесінде бес жылдан бері жатқан еді. Оның отбасы мен жақтас саясаткерлері бұл өлім үшін осы трибуналды айыптауға тырысуда. Босния үшін Дейтон бейбіт келісіміне Милошевичпен бірге қол қойған АҚШ-тың бұрынғы дипломаты Ричард Холбрук былай деді:

“Ол енді қайтып бостандыққа шығады деп ешқашан ойлаған емеспін. Ол төрт соғысты бастады. Оңтүстік-шығыс Еуропаны күйреу жағдайына алып келді. Милошевичтің кесірінен 300 мыңнан аса адам қаза болды. Екі жарым миллионы баспанасыз қалды. Ол өз жазасын алды. Оның түрмеде тағы бірнеше жылға қала беруі мүмкін емес еді”.
XS
SM
MD
LG