Accessibility links

Сербия президенті З.Джинджичтің қастандықтан қаза болғанына 3 жыл толды


БЕЛГРАД. Кеше Белградта Сербияның осыдан 3 жыл бұрын қастандықтан құрбан болған премьер-министрі Зоран Джинджичті еске алуға 3 мыңдай адам жиналды. Белградтың Сава-центар залында өткен мемориалға марқұмның жесірі, Демократиялық партияның қазіргі Сербия президенті Борис Тадич бастаған мүшелері және АҚШ елшісі (Майкл Полт) қатысты. Осындай рәсімдер Сербияның Нови-Сад, Нис сынды ірі қалаларында болып өтті. З.Джинджич – 2000-ыншы жылы С.Милошевичті Югославия президенттігінен түсірген оппозиция төңкерісінің лидері болып, 2001-інші жылы экс-президентті тұтқындап, Гаага трибуналына тапсырғанда ол жетекші рөл атқарды. 50-жастағы Джинджич – 2003-інші жылдың 12-нші наурызынды Белградта қастандықтан қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG