Accessibility links

Ирақта бір тәуліктің ішінде 52 кісі құрбан болып, 125-тен көп адам жараланды


БАҒДАД. Осы жексенбі – Ирақ астанасы үшін соңғы апталадағы ең қанкешті күн болды. Көтерілісшілердің Бағдадтағы бірнеше шабуылынан, соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 52 адам құрбан болып, 125-тен көп адам жараланды. Қаланың шийттер басым тұратын Садр-сити ауданындағы адам лық толған 2 базарындағы 3 автобомбаның жарылысынан кемінде 36 адам көз жұмды, 100-ден аса кісі жараланды. Қаланың өзге аудандарындағы дәл осындай жарылыстар мен шабуылдардан тағы 16 адам оққа ұшып, 25-ке тарта адам жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG