Accessibility links

Ирандағы демократияны қолдау үшін радиохабарлар кеңейтіліп, интернет-сайттар көбірек ашылмақшы


ЛОНДОН. Бүгін ағылшын сыртқы істер министрі Джек Стро кеңсесі Лондонда орналасқан стратегиялық зерттеулер бойынша Халықаралық Институтта “Иран: алға жетелейтін жол” деген тақырыпқа баяндама жасауға тиіс. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, өз сөзінде ол Иранды жөні дұрыс басшылықтың отырмағанын айтып, Иранға арналған халықаралық радиохабарларды кеңейтуге және еркіндікке ұмтылған Иран халқын қолдау үшін парсы тіліндегі Интернет-сайттарды көбірек ашуға шақырмақшы. Өткен айда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Конгрестен Ирандағы демократияны қолдауға, оның ішінде Иранға бағытталған радиохабарды ұлғайтуға 75 млн. доллар қаржы бөлуді өтінген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG