Accessibility links

Ауғанстандағы қаза болған АҚШ жауынгерлерінің қатары өсе түсті


КАБУЛ. Кеше Ауғанстанның Кунар өлкесіндегі жол бойына орнатылған бомбаның жарылысынан 4 АҚШ жауынгері қаза тапты. Бұл шабуылды талибан қозғалысы ұйымдастырған көрінеді. Кейбір ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тәліптер АҚШ армиясының соғыс техникасына арналған бомбаны қашықтықтан іске қосқан. Ауғанстанның экс-президенті әрі ауған парламентінің жоғарғы палатасының басшысы Сибғатулла Моджадиди өзінің автокөлігіне қарсы ұйымдастырылған шабуылдың сыртында Пәкістанның тыңшылары тұр деп айыптады. Кеше таңертең Кабулда болған жарылыстан 2 жанкешті-лаңкес пен бейкүнә 2 адам қаза болды, Моджадиди жеңіл жараланды. Пәкістан жағы бұл қастандыққа еш қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG