Accessibility links

С.Милошевичтің мәйіті оның туыстарына бүгін тапсырылады


ГААГА. Кеше кешкісін Югославияның экс-президенті Слободан Милошевичтің мәйітін кесіп зерттеген мамандар оның бастапқы қорытындысын шығарды. Халықаралық Гаага трибуналының өкілі Александра Миленов ханымның хабарлауынша, “патологтардың қорытындысына сәйкес, С.Милошевичтің қазасына миокард инфаркты себеп болған; ал оның қанын токсикология тұрғысынан зерттеу әлі жалғасады”. Миленов ханымның айтуынша, экс-президенттің уланып өлуін жоққа шығаруға әлі ерте. 64 жастағы С.Милошевичтің мәйітін зерттеген голландиялық мамандардың жұмысын серб сарапшылары жоғары бағалады. Гаага трибуналы марқұмның денесін оның туыстарына бүгін беретінін хабарлады, бірақ қайда жерленетіні белгісіз. Сербия президенті Борис Тадичтің мәлімдеуінше, әскери қылмыстар істеді деп айыпталған Милошевич – мемлекет тарапынан жерленбейді. Сербиядағы тұтқынға алынуы мүмкін оның жесірі - Мириана Милошевич – қазір Ресейде тұрады.
XS
SM
MD
LG