Accessibility links

Ирақтың саяси күштері ұлт бірлігі үкіметін жасақтау мәселесі бойынша уәжге келе ала ма?


БАҒДАД. Ең соңғы дерек бойынша, кеше Ирақ астанасында көтерілісшілердің анық жоспарланған бірнеше шабуылынан кем дегенде 46 адам құрбан болып, 200-дей адам жараланды. Оның ішінде қаланың шийттер басым тұратын Садр-сити ауданындағы базарлардың маңында 6-ға жуық автобомба жарылды. Ирақ сүннитерінің “Исламдық партиясы” осындай қантөгістерге наразылығын айтып, оны тоқтату үшін елдегі саяси топтарды күш біріктіруге шақырды. АҚШ елшісіның қатысуымен Ирақ лидерлерінің ұлттық бірлік үкіметін жасақтау үшін осыған дейін пәлендей нәтиже бермеген келіссөзі бүгін жалғасуға тиіс. Ал жаңа парламент өзінің алғашқы сессиясына бұрынғы жоспарынан 3 күн ерте – бейсенбі күні жиналмақшы.
XS
SM
MD
LG