Accessibility links

Канадалықтардың Ауғанстандағы ісі – Канаданың шетелдегі ең маңызды миссиясы


ОТТАВА. Бүгін Канада премьер-министрі Стефен Харпер Ауғанстанның Кандагар қаласындағы әскери базасында түнеп шықты. Канада өкілдерінің хабарлауынша, Харпер әскери ұшақпен Оттавадан астыртын ұшып шығып, кеше Кандагардағы әскери базаға келіп қонды. Харпердің өзі мұндай әрекетке Ауғанстанда қызмет етіп жүрген Канада жауынгерлері мен дипломаттарын және өзге де қызметкерлерін қолдайтынын көрсеткісі келгенін мәлімдеді. Ол канадалықтардың Ауғанстандағы ісін – Канаданың шетелдегі ең маңызды миссиясы деп бағалады. Канада – тәліптердің қалдықтары әлі көп бас сауғалап жүрген Кандагарда 2.200-дей жауынгерін ұстап тұр. 2002-нші жылдан бері Ауғанстанда Канаданың кемінде 10 жауынгері мен 1 дипломаты қаза болды.
XS
SM
MD
LG