Accessibility links

НАТО Ауғанстанның бітімгершілік миссиясын 9-дан 16 мыңға жеткізуге әзірленуде


БРЮССЕЛЬ. Ауғанстанның қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардактің мәлімдеуінше, Ауғанстанның ұлттық армиясы 3-4 жылдың ішінде елді қорғауға толық қабылетті болады. Брюссельде НАТО одағы басшылығымен кездесуінен кейін Вардак:

“Таяуда қақтығыстар тағы да бой көтерді. Жау біздің аймақтардағы күштерімізге төтеп беру қабылетінен айрылды. Содан кейін олар лаңкестік шабуылдар тактикасына көшіп, әлсіз күштерді нысанаға алу үстінде”, - деп мәлімдеді.

НАТО - Ауғанстандағы бітімгершілік миссиясының қатарын 9 мыңнан 16 мыңға дейін ұлғайтуға дайындалу үстінде. Соңғы кезде Ауғанстандағы лаңкестік шабуылдардың толқыны талай халықтың қазасына себеп болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG