Accessibility links

Қантөгістің ушығуына қарамастан Англия Ирақтан 800 жауынгерін алып кетпекші


ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Дж.Буш Ирақ халқының әлі талай қиындықтан өтуіне тура келетінін мойындап, Ирақ үкіметін елде азамат соғысының шығуына жол бермеуге шақырды. Кеше Джордж Вашингтон атындағы университетте сөйлеген сөзінде Дж.Буш Иранды Ирақтағы лаңкестікті қолдап отыр деп айыптады. Оның айтуынша, Теһран Ирақтағы көтерілісшілердің қолдан жарылғыш жасауға қажетті бөлшектермен қамтамасыз етіп жатыр. Кеше Ирақта түрлі шабуыл мен жарылыстың салдарынан кем дегенде 4 адам, оның ішінде 1 АҚШ жауынгері қаза болды. Соған қарамастан Ұлы Британия мамыр айына қарай Ирақтан 800 жауынгерін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл Ирақтағы барлық британ әскерінің 10 процентін құрайды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG