Accessibility links

“Құс тұмауынан” 98 адам қаза болды, оның ішінде үшеуі Әзірбайжан азаматы


БАКУ. Бүгін Әзірбайжан үкіметі алғаш рет “құс тұмауынан” адамның құрбан болуының жай-жапсарын жариялауға тиіс. Кеше Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрлігі елде 3 адамның құс дертінен қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Үшеуі де Әзірбайжанның Каспий теңізіне жақын оңтүстік аймағының тұрғындары көрінеді. Ал Ауғанстан үкіметінің хабарлағанындай, “құс тұмауының” вирусы санаулы үй құсынан табылды. Қазір ол вирустың адамға аса қауіпті Н5N1 вирусы ма әлде өзге вирус па – анықталу үстінде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2003-інші жылдан бері бүкіл әлемде, негізінен, Азия елдерінде және Түркия мен Ирақта 98 адам қайтыс болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG