Accessibility links

БҰҰ “Иранның ісі” бойынша Қарардың ортақ жобасын қабылдауға тырысып көрмекші


НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын Қытай, АҚШ, Ресей, Ұлы Британия және Францияның ресми өкілдері Иранның “ядролық бағдарламасы” проблемасына қатысты ортақ көзқарас табу үшін бүгін Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде тағы да өзара кеңес өткізуге тиіс. Олардың кешегі кеңесі нәтижесіз аяқталды. Дипломаттардың хабарлауынша, Ресей мен Қытайдың Иранға жаза қолдануға қарсы болуына байланысты Қауіпсіздік Кеңесі Иранды ядролық бағдарламасын тоқтатып, Халықаралық МАГАТЭ агенттігінің инспекторларымен тығыз іс атқаруға шақыратын құжаттың ортақ жобасын қабылдауға тырысып көрмекші. Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавровтың хабарлауынша, Мәскеу Теһранмен арадағы келіссөзін жалғастыруға келісімін берді.
XS
SM
MD
LG