Accessibility links

Гольфты артық ойнаған бас министр қызметінен алынып жатыр


Оңтүстік Корея бас министрі Ли Хае-чан беймезгіл уақытта гольф ойнап, енді биліктен кетуі мүмкін. Оппозиция газеттері жазғандай, 1 наурызда ел темір жолында жаппай ереуіл жасалып, дағдарыс болып жатқанда бас министр Ли Хае-чан бизнесмендермен гольф ойнап жүрген екен. Оның үстіне ол бизнесмендердің бірі сотталған тұлға деп айтылды. Бас министр Ли Хае-чан шатақ шыққан соң қызметтен кету арызын жазды. Ел президенті Ро Му-хыюн әзірше шешім қабылдаған жоқ, мәселені өзі зерттеп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG