Accessibility links

"Азаттық" радиосының екі тілшісінен әлі хабар жоқ


"Амнести интернешнл" және "Шекарасыз репортерлар" ұйымдары Түркіменстанда "Азаттық" радиосының екі тілшісінің қамалғанына алаңдаушылық танытты. Мерет Хоммадов пен Жұмадұрды Овезов 7 наурызды қамалған. Не олардың жақын туыстары, не "Азаттық" радиосы екі журналист жайында үкімет орындарынан ешқандай мәлімет ала алмай отыр. "Амнести интернешнл" ұйымы Түркіменстан үкіметі журналистерді азаптаудан аулақ болсын, журналистердің қайда екенін айтсан, оларға заң көмегін көрсетуге рұқсат берсін деп талап қойды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG