Accessibility links

Слободан Милошевичтың мәйіті бүгін баласына беріледі


Слободан Милошевичтың ұлы Марко әкесінің мәйітін алу үшін Мәскуден Гаагаға ұшып келді. Бұрынғы Югославияның бұрынғы президенті Милошевичтың қайда жерленетіні әлі белгісіз. Гаагаға ұшып келген Милошевичтың ұлы Марко әкем өзі қызмет еткен елдің астанасы Белградта жерленуге тиіс, бұл туралы сөз жоқ, бірақ дәл қазір мәселе жайында түк айта алмаймын деді.

Белград соты Слободан Милошевичтың әйелі Мириана Марковичты қамау бұйрығын уақытша тоқтатты, осылайша оған жұбайын жерлеу үшін елге келуге мүмкіншілік берілді. Бірақ сот Мириана Маркович келген бетінде паспортын тапсырып, сот тыңдауына келсін деп бұйырды. Мириана Маркович билікті асыра пайдаланған деп айыпталған, қазір ол Ресейді паналап жүр.
XS
SM
MD
LG