Accessibility links

С.Милошевичтің жесірі Сербияға ерін жерлеуге келгенде – тұтқындалмайды


БЕЛГРАД. Бүгін Югославияның экс-президенті С.Милошевичтің сүйегі Гаага қаласынан ұшақпен оның туған елі – Сербияға жеткізілуге тиіс. С.Милошевичтің үзеңгілестері ұшақтың Белградқа бүгін күндіз ұшып келу керектігін айтып, бірақ марқұмның сүйегі нақты қашан жерленетінін хабарламады. Сербия үкімет экс-президенттің мемлекеттік салтанатпен жерленбейтінін мәлімдеді. Әйтсе де Белград соты марқұмның жесірі - Мирияна Милошевичтің Ресейден Сербияға ерін жерлеуге келгенінде тұтқындалмайтынына кепілдік берді.
XS
SM
MD
LG