Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Палестин территориясында тыныштық орнатуға шақырды


Кеше Израил әскерлері Иерихондағы түрмеге жасаған шабуылдан кейін, палестиндіктер батыстық мекемелерге шабуылдап, біраз адамды кепілдік тұтқынына алған еді. Қауіпсіздік кеңесі кеше палестиндіктер кепілдікке алған шетелдік 10 азаматты түгел босатуға шақырды, олардың бірқатары босатылғанымен, кейбіреуі әлі тұтқында ұсталуда. Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі - Қатар елі 2001 жылы Израил министрін өлтірді деп айыпталатын палестиндік көтерілісші мен оның жасақтарын ұстау үшін Израил әскерлерінің Батыс жағалаудағы түрмеге жасаған шабуылын айыптайтын мәлімдеме жобасын ұсынған. Хабарларға қарағанда ол жоба АҚШ пен басқа елдер тарапынан қарсылыққа тап болған. Израил әскерлері АҚШ пен Британия бақылаушылары Иерихон түрмесін тастап шыққаннан кейін оған шабуыл жасағанда кемінде екі палестиндік қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG