Accessibility links

БҰҰ-ының жаңа Кеңесі адам құқықтарын қорғайтын Комиссиясының міндетін атқарады


НЬЮ-ЙОРК. Кеше БҰҰ-ының адам құқықтары бойынша жаңа Кеңесі құрылды. Жаңа Кеңестің құрылуын - 170 ел қолдап, 3 ел қалыс қалып, АҚШ қарсы дауыс беріп мақұлдады. Жаңа Кеңес – адам құқын қорғайтын ең үлкен халықаралық құрылым болып табылады. Ол адам құқын аяққа басқандарды жазаға тартуға, мемлекеттерге адам құқын қорғайтын заң қабылдауларына көмек беретін болады. Құрамында 47 мүшесі болатын жаңа Кеңес – БҰҰ-ының штаб-пәтері Женевада орналасқан, құрамында 53 мүшесі болған адам құқықтары бойынша Комиссиясының орнына құрылып отыр.
XS
SM
MD
LG