Accessibility links

С.Хусеин өзінің қылмыстық ісі бойынша өтіп жатқан сотты “комедия” деп бағалады


БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеиннің ісі бойынша Бағдадта өтіп жатқан сот процесі 5-інші сәуірге дейін үзіліс жариялады. Кешегі отырыста С.Хусеин мен оның аталас ағасы әрі барлау қызметінің бұрынғы басшысы Барзан Әт-Тикритиден жауап алынды. С.Хусеин сот процесін “комедия” деп бағалап, сүнниттер мен шийтердің жанжалына байланысты Ирақ халқына үндеу жолдамақ болды. Алайда судья оған саяси үндеу жасауына рұқсат бермеді. Бұрынғы диктатор мен оның 7 сыбайласына 1982-нші жылы Дужайыл ауылының шийт тұрғындарын жаппай қырды деген айып тағылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG