Accessibility links

Орыс академигі С.Милошевичті Ресейге емделуге жібергенде, аман қалар ма еді деп санайды


БЕЛГРАД. Югославияның экс-президенті С.Милошевичтің табыты марқұммен қоштасу үшін 2 күнге Белградтағы шағын мұражайға қойылады. Марқұм кезінде осы маңайды тұрған көрінеді. С.Милошевичтің сүйегі сенбі күні Белградтан 80 шақырымдай қашықтықта орын тепкен оның туған жері – Пожаревац қаласында жерленеді. Оның сүйегі Белградқа кеше жеткізілді. Белград әуе жайда оның табытын 100-деген үзеңгілесі қарсы алды. С.Милошевичтің мәйітін зерттеген Голландия мамандарының қорытындысымен танысу үшін Ресей дәрігері Лео Бокерия экс-президенттің жүрегінің тоқтауынан қайтыс болды деген қорытындымен келісетінін, бірақ егер ол Ресейге емделуге жіберілгенде, аман қалар ма еді деген күдігін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG