Accessibility links

Көтеріліске қарсы ірі операцияға 200-дей танк пен 50 соғыс ұшағы және 1,5 мың жауынгер қатысуда


БАҒДАД. Ирақтағы АҚШ әскері соғыс қимылдары басталған 2003-інші жылдан бергі ең ірі әуе-десанты операциясын іске асырып жатыр. Әскерилердің мәліметі бойынша, бұл шараға 50 соғыс ұшағы мен 200-дей соғыс техникасының қолдауымен 1.5 мыңнан асатын АҚШ және Ирақ жауынгері қатысуда. Соғыс қимылдары 22-нші ақпан күні шийт мұсылмандарының ғибадатханасы қиратылған Әс-Самарра қаласынан солтүстік-шығысқа қараған бетте өтіп жатыр. Ғибадатхананың қиратылуы Ирақтағы шийттер мен сүннитердің өзара қақтығысына түрткі болды. Ирақта азамат соғысы басталып кете ме деген де күдік пайда болды.
XS
SM
MD
LG