Accessibility links

Грузия президенті Михаил Саакашвили Европа одағын жексенбі күні Беларуста болатын президент сайлауында оппозиция тарабынан табылуға шақырды


Мұның алдында Минск әуежайында 19-наурыздағы президент сайлауын бақылауға бара жатқан грузиялық бақылаушылардың бір тобы ұсталып, олар сол әуежай алаңынан шығарылмай отыр. Беларустың Ұлттық қауіпсіздік комитеті Грузин дипломаттары елді тұрақсыздандыратын әрекеттерге қатысты деп мәлімдеді. Чехия мен Польшаның бұрынғы президенттері Вацлав Гавел мен Лех Валенса да халықаралық қауымдастықты Беларус оппозициясына қолдау көрсетуге шақырған болатын. Беларус елін 10 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко үшінші рет президенттік сайлауға түсіп отыр.
XS
SM
MD
LG