Accessibility links

Иранның АҚШ-пен келіссөз өткізгісі келіп отырғаны Ираққа көмектесу мақсатынан туған дейді Иранның сыртқы істер министрі Манучер Моттаки


Оның алдында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс АҚШ пен Иранның Ирақ турасындағы келіссөздері пайдалы болуы мүмкін деген еді. Бұл жөнінде Австралия сапары барысында айтқан ол Иранның ядролық мәселесі мұнда сөз болмайды деп атап көрсетті.

- Иранмен арадағы бұл келіссөздер Ираққа байланысты мәселелермен ғана шектеледі.

Бір күн бұрын Ақ үй Американың Ирақтағы елшісі Залмай Халилзадқа Иранмен келіссөз жүргізуге өкілеттік берілді деп айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG