Accessibility links

Беларуста ертең өтетін президенттік сайлауда оппозициялық басты үміткер Александр Миленеквич бүгін Минскіде концерт ұйымдастырмақшы


Рок музыка топтары қатысатын бұл митинг концертті өткізуге биліктен рұхсат алынған. Олар негізінен Лукашенконың режимін сынағандары үшін мемлекеттік телерадио эфирлеріне шығуға тиым салынған рок музыкалық өнер топтары. Лукашенко Беларус елін он жылдан астам уақыт басқарып келеді, ертең ол үшінші мерзімге қайта сайлауға түскелі отыр. Жұма күні кешкісін теледидар арқылы жолдаған үндеуінде Лукашенко оппозицияны елді көшеге шығуға шақырып отырсыңдар деп айыптады. Дегенмен де кешегі түні ел астанасында оппозиция кандидаты Александр Миленкевич пен либерал кандидат Александр Козулин бейбіт митинг өткізген.
XS
SM
MD
LG