Accessibility links

Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевич Сербияда, Позаревач қаласындағы өз қонысы ауласында жерленді


Ал Белградта, парламент үйі қасында оны соңғы сапарға аттандыру рәсіміне 50 мыңдай адам келді. Сол арада, Сербтердің социалистік партиясы басшысының орынбасары Вучелич, Милошевичтің отбасы мүшелерінің жаназаға келе алмағандығы жөнінде:

- Сербиялық әкімшіліктің отбасы қауіпсіздігі жөніндегі даулы мәлімдемесіне байланысты, сондай-ақ марқұмның зайыбы Мира Маркович жөнінде айтылған қаралау және қорқыту сөздеріне орай отбасының келуіне мүмкіндік болмады, - деді.
XS
SM
MD
LG