Accessibility links

Әлемнің бірқатар елдерінде АҚШ-тың Ирақты басып алуына қарсы наразылық жиындары өтті


Бүгін Азия құрлығының соғысқа қарсы белсенділері Ираққа қарсы басталған соғыстың 3 жылдығын наразылық жиындарымен және наразылық шерулерімен атап өтуде. Жапон үкіметінен әскерін Ирақтан шығарды өтінген жүздеген адам екінші күн қатарынан Токио көшелеріне шықты. Күншығыс елі Ираққа 600 жауынгерін аттандырды. Сеул қаласында 1 мыңдай адам жиналып, Оңтүстік Кореяның Ираққа жіберілген 3200 жауынгерін елге қайтаруды талап етті. Малайзияның астанасы – Куала-Лумпурдағы АҚШ елшілігі алдында 100-деген халық “Ирақты АҚШ басқыншылығынан азат етуді” талап етті. Осындай наразылық шерулері Лондон, Стокгольм, Копенгаген, Сидней қалаларында өтуде.
XS
SM
MD
LG