Accessibility links

Әлемде АҚШ-тың Ирақты басып алған соғысына қарсы наразылық толқыны ұлғая түсті


АҚШ бастаған коалициялық күштердің Ирақты басып алған соғысына 3 жыл толуына байланысты Түркияның ірі қалаларында 10 мыңға жуық халық соғысқа қарсы шеру мен митингілерге шықты. Студенттердің соғысқа қарсы жаппай шеруі Стамбулдағы британ консулдығы алдында өтті. Малайзия астанасы – Куала-Лумпурдағы АҚШ елшілігі алдына 100-деген адам жиналды. Сеул мен Токиода наразылыққа шыққандар өз елдерінен әскерлерін Ирақтан шығаруды талап етті. Кеше соғысқа қарсы осындай шерулер Еуропа мен Аустралияның ірі қалаларында болып өтті. Ең үлкен шеру – 15 мыңнан астам халықтың қатысуымен Лондонда байқалды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG