Accessibility links

А.Лукашенко “Мен диктатор емеспін!” деп мәлімдеді, бірақ оппозиция сайлаудың қорытындысын бәрібір мойындамай жатыр


Бүгін Беларуссияда президент сайлауы өтіп жатыр. Билік басында соңғы 12 жыл бойы отырған президент А.Лукашенко үшінші рет дауысқа түсуде. Оған қоса тағы үш үміткер, оның ішінде оппозицияның негізгі үміткері А.Милинкевич бағын сынауда. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс бергенін хабарлады. Бірақ А.Милинкевич сайлаудың нәтижесін мойындамай, жаңа сайлау өткізуді талап ететінін мәлімдеді.

“Бүгін мен елде оң өзгеріс болғанын қалайтындарды Минск алаңына шақырдым. Бұл гүл көтерген бейбіт жиын болады. Біз президентті алаңда сайламаймыз, Беларуссияда ондай дәстүр жоқ. Бірақ біз сайлаудың қалай өткенін және елде бостандық үшін қандай мүмкіндіктің бар екенін айту үшін шығамыз. Егер қандай да арандатушылық болса, оған ел басшылығы жауапты болады”, - деп мәлімдеді А.Милинкевич.

Өз кезегінде бүгін А.Лукашенко “мен диктатор емеспін” деп мәлімдеп, АҚШ президенті Дж.Бушты “№1-інші лаңкес” деп атады.
XS
SM
MD
LG