Accessibility links

“Құс тұмауының” аса қатерлі вирусы Израильдің 3 жерінде аңғарылды


Израиль де “құс тұмауының” пайда болғанын растады. Ауылшаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша, Н5N1 вирусының ізі 3 жерден аңғарылып отыр. Нәтижесінде мыңдаған тауық пен күрке тауық жойылды. Кеше Мысырда “құс тұмауынан” алғаш рет адамның қаза болғаны хабарланды. Британ зерттеушілері қайтыс болған әйелдің қанынан “құс тұмауының” вирусын тапты. 2003-інші жылдан бері осы дерттен бүкіл әлемде 100-ге тарта адам көз жұмды.
XS
SM
MD
LG