Accessibility links

ТМД-ның бақылаушылары Беларуссиядағы сайлауды да “әділ” өтті деп бағалады


Еуроодақ пен Ресейдің ресми өкілдері Беларуссиядағы осы президент сайлауын әрқилы бағалап отыр. Еуроодақтың сыртқы қатынастар бойынша комиссары Бенита Ферреро-Вальднер ханым Беларуссиядағы сайлауға наразы болып, Брюссель Минскіге экономикалық емес, Беларусь өкілдерінің Еуроодаққа келуіне тыйым салу шарасын ұзарту сынды жаза қолдануы мүмкін екенін атап көрсетті. Еуропа Кеңесі Беларуссиядағы сайлауды “көз бояушылық” деп, ал үшінші 5 жылдық мерзімге президент болып қайта сайланған А.Лукашенконың “мандатын заңсыз” деп бағалады. Ал Ресейдің сыртқы істер министрлігі сайлау әділ өтті және оның қорытындысын құрметтеу керек деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG